❗ХАБАРЛАНДЫРУ ✒ 3 қыркүйек - Зуль-хижжə айының 1-ші күні ✔ 3 қыркүйек пен 11 қыркүйек аралығында - зуль-хижжə айының тоғыз күн оразасын ұстау мустахаб болған оразалардан. Хунайд ибн Халидтің әйелінің сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір әйелдері: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күнінде, зул-хижжа айының алғашқы тоғыз күнінде, әр айда үш күн, және дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайтын еді", - деп баяндағаны жеткізіледі. (Əбу Дауд 2437, ән-Нәсаи 2372, 2417, Ахмад 6/288, әл-Бәйһақи 285). ✔ 11 қыркүйек - Зуль-хижжə айының 9-шы күні — ‘Арафа күні Зул-хижжа айының алғашқы он күнінің ішіндегі Арафа күнгі ораза ең абзалы болып табылады, әрі бұл үлкен артықшылыққа ие болып, екі жыл барысында істеген күнәлардың өтеуі болады. Абу Қатаданың сөздерінен Аллаһ Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады». (Муслим 1162). Бұл хадисте қажылық жасай алмайтындарға ұлы сый-сауап алуға мүмкіндік берген Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген шексіз рахымы мен жомарттығына нұсқау бар!

Теги других блогов: ораза Хабарландыру Зуль-хижжə айы