Зуль-хижжа айының алғашқы он күнінің артықшылықтары
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!
Расында Аллаһтың бізге берген нығметтерінің бірі — бізге көптеген жақсылықтарға жететін әрі молдаған сауаптарға ие болатын маусымдарды нәсіп етуі.
Бұл үмметтің өмірі алдыңғы үмметтерге қарағанда өте қысқа екені белгілі. Пағамбарымыз (ﷺ) айтады:
" أعمار أمتي ما بين الستين إلى السبعين "
«Менің үмметімнің ғұмыры алпыс пен жетпістің арасы».1
Бірақта Аллаһ Тағала өзінің кеңшілігінен бізге сол қысқа өмірдің орнын толтыратын, және өмірімізді берекелі қылатын жақсы амалдарды берді. Адам оларды істейтін болса өте ұзақ өмір сүрген адамдай болады. Соның бірі қадір түні. Аллаһ Тағала ол жайында айтады:
{ لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ }
«Қадір түні мың айдан артық»2.
Белгілі ғұлама Ар-Разий осы аяттың тәпсірінде: «Біл, расында кім бұл түнді құлшылықпен өткізетін болса, Аллаһқа сексен жылдан астам, (яғни тоқсанға жуық) жылдай құлшылық еткен болады. Ал кімде-кім әр жылы бұл түнді ғибадатпен өткізсе, ұзақ өімір сүргендей болады»-дейді. Яғни адам қанша ұзақ өмір сүрсе, сонша жақсы амалды көбірек істеуіне мүмкіншілігі болады, бұл адам да өмірі қысқа болса да, берекелі амалдар істегендігі үшін амалдары көбейіп ұзақ өмір сүріп, амалдары көбейген адамға теңестірілді.
Сондай-ақ берекелі уақыттардың бірі Зуль-хижжа айының алғашқы он күні. Бұл он күннің артықшылығын білдіретін көптеген аяттар мен хадистер бар. Аллаһ Тағала айтады:
{ وَالْفَجْرِ (1) وَلَيَالٍ عَشْرٍ }
«Таңға және он түнге серт»3-дейді.
Ибн Кәсир осы аяттың тәпсірінде : «Он түн дегені зуль-хижжаның он түні»- деді.
Басқа аятта Аллаһ Тағала айтады:
{ وَيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ فِي أَيَّامٍ مَّعْلُومَاتٍ }
«Белгілі күндерде Аллаһты естеріңе алыңдар!»4.
Ибн Аббас y : «Белгілі күндер — зуль-хижжаның он күні» - деді.
Сондай-ақ хадиске келетін болсақ, пайғамбарымыз (ﷺ) айтады:
"ما من أيام أعظم عند الله سبحانه ولا أحب إليه العمل فيهن من هذه الأيام العشر. فأكثروا فيهن من التهليل والتكبير والتحميد".
«Аллаһтың алдында ең үлкен және оны ең қатты жақсы көретін амал — осы он күндегі амалдар, сондықтан бұл күндерде тәһлил, тәкбір және тәхмидті көбейтіңдер»5-дейді.
Сағид ибн Жубейр (оны Аллаһ рақым етсін!) бұл күндер келсе қатты құлшылыққа кірескендігі соншалықты тіпті оған шамасы келмей қалатын болған. Және адамдарға:
"لا تطفئوا سرجكم ليالي العشر"
«Он түнде шырақтарыңды өшірмеңдер» -дейтін еді. Яғни бұл түндерді намазбен және құран оқумен өткізіңдер дегені.
Ибн Хажар Фатхуль-Барий кітабында айтады: « Зуль-Хижжаның он күнінің ерекшеленген себебі — бұл уақытта негізгі құлшылықтардың; намаз, ораза, садақа және қажылықтың бір уақытта жианлғандығы болуы мүмкін, бұл құлшылықтар басқа уақыттарда бірдей келмейді»-дейді. Яғни барлығы бір уақытта бірдей мустахаб болады, басқа уақыттарда ондай емес.
Ибн Рожаб айтады: «Аллаһ Тағала мүміндердің жүректеріне өзінің үйі Әль-Харамды көруді жақсы көргізді, бірақ та әрбір адам әр жылы оны көруге шамасы келмейтін болғандықтан шамасы келген адам үшін оған өмірінде бір рет қажылықты парыз етті және он күндік маусымды (зуль-Хижжаның он күнін) қажылыққа барғандар үшін және бармағандар үшін бірдей қылды».
Сондықтан қажыға барғандар Арафада күн батқанға дейін құлшылықта болғанда қажылыққа бармағандар үйлерінде күн батқанға дейін оразада болады. Сол сияқты қажылыққа барғандар айт күні өздерінің һәдилерін6 сойғанда үйдегілер де айттан кейін құрбандықтарын сояды. Сондай-ақ қажылар ихрамда болғанда шаштары мен тырнақтарын алмағанындай үйдегілердің құрбан шаламын дейтіндері осы ай кіргеннен құрбандық шалғанға дейін шаштары мен тырнақтарын алмайды. Бұның барлығы Аллаһтың кеңшілігінен қажылыққа бармаған адамдар қажыдағы адамдарға құлшылықтың кейбір түрлерінде серіктес болуларына берілген мүмкіншіліктері болып табылады.
Зуль-Хижжаның он күні артық па әлде Рамазанның ақырғы он күні артық па?
Шйхуль Ислам Ибн Таймия бұл сұраққа:
«Зуль-Хижжаның он күні Рамазанның ақырғы он күнінен абзал, ал Рамазанның ақырғы он түні Зуль-Хижжаның алғашқы он түнінен абзал» -деп жауап берген.
Сондай-ақ ғұламалар: «Зуль-Хижжаның алғашқы он күндері — күндердің ең артығы, ал Рамазанның ақырғы он түні — түндердің ең артығы»- дейді.
Аллаһ Тағал баршамызды осындай қымбат уақыттарда көптеген жақсы амалдар істеп мол сауаптарға ие болуымызды нәсіп етсін! Бұндай теңдесі жоқ күндерді бекерге кетіріп, оны пайдасыз істермен өткізуімізден сақтасын! Әмин!
_________________________________________
1 Тирмизий және Ибн Мәжжа р-ты.
2 Қадыр -3.
3 Фажр.1-2
4 Хаж.28
5 Табароний р-ты. Муғжамуль Кәбир.
6 Һәдий: қажылықа барғанда умра мен қажылықты атқарған адамдардың соятын малы
http://vk.com/firkotun_najiyah